Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап өлген жігіттің "өлім ойындарымен" байланысы жоқ

Алматыда к?п?абатты ?йді? терезесінен ??лап ?лген жігітті? "?лім ойындарымен" байланысы жо?. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Сот медицина орталы?ыны? ?кілдері хабарлады.

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап өлген жігіттің "өлім ойындарымен" байланысы жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Сот медицина орталығының өкілдері хабарлады.

"Биіктіктен құлаған кезде алған жарақатынан қаза тапқан. Ешқандай да тілінген, киттің суреті табылмады - денесінде белгілері жоқ", - деп хабарлады мамандар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, кеше Алматыда ер адам "Үштөбе" тұрғын үй кешенінің терезесінен құлап өлген еді. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, ер адам хат қалдырмаған. Тіпті оның бұл үйде тұрмағаны айтылды. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 16.30 шамасында болған. Ер адам шамамен 20 жаста, азиялық түр-кескінді. Оның құлаққабы болған. "Қысқы киім киген, джинс, күрте", - деп хабарлады куәгерлер. Ол тұрғын үй кешенінің ауласына дәл кіреберістің алдына құлаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама