Алматыда краншы қауіпті аттракцион ұйымдастырды

Алматыда краншы қауіпті аттракцион ұйымдастырды © TengrinewsTV.kz

Алматыда краншы қауіпті аттракцион жасады, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Интернетте "Алматыдағы ең қауіпті әткеншектер" деген атаумен видео жарияланды. Кадрданбес қабатты үйдің үстінде құрылыс кранының ілмегіне ілінген ер адамды көруге болады. Ол ешқандай қобалжусыз жан-жағына қарап тұр.


Жарнама
Жарнама

Ал кабинкада басқа адам  отыр. Соңғы жағында "қауіпті әткеншек" төмен қарай түсе бастады. Ер адамның өз өміріне қандай мақсатпен қауіп төндіргені әзірше белгісіз. Сонымен қатар, кадрдан мұның қайда түсірілгенін аңғару қиын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама