Алматыда КТК телеарнасының операторы із-түссіз жоғалып кетті

Алматыда КТК телеарнасының операторы із-түссіз жоғалып кетті © pexels.com

Алматыда КТК телеарнасының операторы Олжас Белгібаев із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғалған ер адамның әкесі хабарлады.

Жақындарының мәліметінше, Олжас Белгібаев осымен бесінші тәулік іздестіріліп жатыр. Сенбі күні киноға кеткеннен сол күйі оралмаған. Досының айтуынша, Олжастың телефоны сөндірулі. Интернетке соңғы рет сенбіден жексенбіге қараған түні кірген.

Олжас Белгібаевтің әкесі полицияға арыз қалдырғанын айтады.

Жарнама
Жарнама

Ал әріптестерінің айтуынша, әлеуметтік желілерде хабарламалар жарияланып, іздестіру жұмыстарына еріктілер көмектесіп жатыр.

 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама