ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 ақпан 2016 09:46
Алматыда куәгер "Достық Плаза" маңындағы жаппай төбелесті видеоға түсіріп алды
Алматыда 16 ақпанда "Достық Плаза" сауда және ойын-сауық орталығы маңында болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Автомобильдің видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған бейнежазбаны куәгер Tengrinews.kz редакциясына жолдады.
Кадрдан орталық күзетшісінің қасына қара түсті BMW көлігінің дереу тоқтағанын көруге болады. Автомобильден шыққан екі ер адам жанжал болып жатқан жаққа қарай барады. Осыдан кейін төбелес басталып кетеді. Күзетшілер оларды тоқтатуға тырысады.
Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. Куәгер бірнеше уақыттан кейін төбелес болып жатқан жерден кетіп қалған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу