Алматыда куәгерлер автобус жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзған сәтін видеоға түсіріп алды

Алматыда куәгерлер автобус жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзған сәтін видеоға түсіріп алды Ролик кадрынан

Алматыда 67-ші автобустың жүргізушісі көлікті қарсы бағыттағы жолға шығып айдады. Оқиға бүгін сағат 13.00 шамасында Момышұлы көшесінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға куәгері болған Мұрат Смағұловтың айтуынша, жүргізуші жолаушылардың өмірін қатерге тігіп қана қоймай, жол қозғалысына кедергі келтірген.

"Біз Момышұлы көшесімен келе жатып осы автобусты байқап қалдық. Жүргізуші жолаушылардың өміріне қауіп төндірумен қатар, жол бойындағыларға да қатер төндірді", - деді Мұрат Смағұлов. Автобус қарсы бағыттағы жолда автомобильдер көбейгеннен кейін ғана дұрыс жолға түскен.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама