ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 тамыз 2018 09:04
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Алматыда Lexus маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы Щепетков көшесінде, Сәтбаев мен Шаляпин көшелерінің аралығында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен бағдаршамның қызыл түсінде өткен. Lexus маркалы автокөліктің жүргізушісі қағып кетпеуге тырысқанымен де, амал не, мүмкін болмай ер адам қаза болған.
© "Территория происшествий"
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу