Алматыда мас жүргізуші аула ішінде жол апатына ұшырады

Алматыда мас жүргізуші аула ішінде жол апатына ұшырады © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда мас жүргізуші аула ішінде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында орналасқан Самал-1 ықшамауданындағы аулада болған. Көптеген куәгердің айтуынша, Range Rover маркалы көліктің жүргізушісі қатты мас күйінде көлікті жүргізіп, тұрақта тұрған Toyota RAV 4 автомобилін соққан. Соның салдарынан екі көлік те үй маңындағы арыққа түсіп кеткен. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән жайын полицейлер анықтап жатыр.

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама