Алматыда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

LADA Granta автокөлігінің жүргізушісі Котельников көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатып, Меншуткина көшесімен қиылысатын тұста белгісіз себептермен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ары қарай көлік бағанаға соқтығысқан. 

Зардап шеккен жаяу жүргінші ауыр халде ауруханаға жеткізілгені айтылады. 

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, жүргізуші де ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, ол көлікті мас күйде жүргізген. 


Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Қалалық полиция мамандары оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама