Алматыда медициналық университеттің студенті жоғалып кетті

Алматыда медициналық университеттің студенті жоғалып кетті Санжарбек Арзиев

Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің студенті Санжарбек Арзиев жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы жігіт 30 сәуірге қараған түні жоғалып кеткен. Санжарбектің досының айтуынша, соңғы рет студентті таныстары Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында көрген. Дене бітімі орташа келген жігіттің үстінде қара күртке мен қоңыр түсті шалбары болған.

Қазір жігітті 40-қа жуық адам іздестіріп жатыр. Еріктілердің айтуынша, Санжарбекті Есентай өзенінің бойынан құтқарушылар да іздеп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама