Алматыда мейрамхана өртенді

Сурет Алматы ТЖД баспасөз қызметінен

Алматыда "Ақсарай" мейрамхана кешенінде өрт шыты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда "Ақсарай" мейрамхана кешенінде өрт шыты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бостандық ауданы Дулати көшесінің бойындағы 171-ші үйде өрт шыққаны туралы хабарланған. Өрт сөндіруші жасақтары келген уақытта "Ақсарай" мейрамхана кешеніндегі жертөледегі асхана бөлмесі өртенген. Онда сексеуіл сақталған. Өрттің басқада ғимараттарға жайылу қаупі болған. 

Өрт сөндіру көшеде сумен қамту құбырларының болмауына байланысты қиындаған, өрт сөндірушілер жақын су қоймаларынан тасыды. Электр қуаты ажыратылды. 

Реклама
Реклама

Өрт сөндірушілер екі қабатты жазғы алаңдағы ғимаратты және үш қабатты мейрамхананы аман алып қалды. Өрт 16 минутта ауыздықталып, 28 минутта толықтай сөндірілді. Өрт аумағы - 200 шаршы метр. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама