ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 тамыз 2018 09:41
Алматыда Момышұлы көшесінде әйел адамды көлік қағып өлтірді
Алматыда рұқсат етілмеген жерде жолдан өткен әйелді көлік қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол апаты Момышұлы көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, 1970 жылғы әйел жолдан жүгіріп өтпек болған кезде оны солтүстік бағытта келе жатқан Lada көлігі қағып кеткен.
© "Территория происшествий"
Алматы қалалық ІІД мәліметінше, 2018 жылдың басынан бері рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өткен жаяу жүргіншілерге 40 603 615 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу