Алматыда мүгедек әйелді автобус басып кетті

Алматыда мүгедек әйелді автобус басып кетті

Алматыда мүгедек әйел жолаушылар автобусы басып кетіп, қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Қайғылы оқиға 4 қыркүйекте Солтүстік айналма жолында болған. Куәгерлердің айтуынша, автобус жоғары қарай жүріп бара жатқан. 1972 жылғы мүгедек әйел де осы бағытта келе жатқан. Кенет әйел әлсіреп, автобустың артқы дөңгелегі жағына қарай құлаған.

Жүргізуші шұғыл әрекет етіп үлгермей, әйелді басып кеткен. Әйел оқиға орнында жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. 

Жарнама
Жарнама

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама