Алматыда өртті түсіру кезінде Tengrinews TV операторына шабуыл жасалды

Tengrinews TV операторы Юрий Съедин. ©Тengrinewstv.kz

Алматыдағы өртті түсіруге барған Tengrinews TV операторы жәбір көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір топ журналист Рысқұлов даңғылында шамамен 15.30-да басталған өртті түсіруге барған. Өрт құрылыс материалдарын шығаратын Galaksi Group компаниясының қоймаларында тұтанды. Оқиға орнына бірнеше БАҚ өкілдері де барды. 

Өрт болған жерге түсірілім тобы кедергісіз кірді, бірақ сыртқа шығу қиын болды. Tengrinews TV операторы Юрий Съедин сыртқа шығып бара жатқан кезде қауіпсіздік қызметкерлері есікті жауып, түсірілген барлық материалдар мен видеокамераны тартып алуға тырысты. Күзетшілердің бірі операторды қылғындырды. Ал оның қасында тұрған, өзін заңгермін деп таныстырған әйел Съединнің қолынан тістеп алды. 

Реклама
Реклама

Әріптестері Tengrinews TV операторын босатып алып, қоршаудан алып шықты. Съединнің білегінде тістелген жарақаттың орны қалды. БАҚ өкіліне шабуыл фактісі бойынша Tengrinews TV және оператордың өзі құқық қорғау органдарына арыз жазды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама