Алматыда өткен жарыста мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Оқиға орнынан. Сурет: kolesa.kz

Алматыда өткен жарыс барысында мотоцикл мінген жүргізуші жарыс жолында құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оқиға бүгін Алматыда "Аюсай" тауындағы жарыста болды.

Ducati 1098 мотоциклін мінген жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдың шетіндегі тосқауылға соқтығысқан. Салдарынан жарысқа қатысушы көптеген жарақат алып, тезарада емханаға жеткізілген. Оны жансақтау бөліміне алып келген. Бірақ жарақаты тым ауыр болғандықтан ол азамат емханада жан тапсырды. 

Оқыс оқиға жарыстың басында болған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, қатысушы меженің алғашқы бөлігінде-ақ қателік жасап, мотоциклді басқара алмай қалған. Кейіннен ол тізгінді басқаруға қанша тырысқанымен жол шетіндегі тосқауылға келіп соғысқан. 

Реклама
Реклама

Бұл жағдайдан кейін жарыс тоқтатылған. Дегенмен аз ғана уақыт өткен соң жарысқа қатысушылар қайта жолға шықты. Бірақ қатысушылар 20 шақырымдық екі айналымды бір рет айналғаннан кейін жарыс қайта тоқтатылды. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама