ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қаңтар 2018 13:36
Алматыда пәтерде газ жарылды: Бір адам зардап шекті
Алматыда Таугүл ықшамауданындағы пәтерде газ жарылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға Яссауи көшесінің бойындағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға газ құрылғысының дұрыс орнатылмағандығынан болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс күшінен пәтердегі және көршілердің есіктері мен терезелері ұшып кеткен.
Оқиға болған кезде үй иесі үйінде болған. Ол ауруханаға жеткізілді.
© "Территория происшествий" бағдарламасы
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу