Алматыда полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды видеодан үзінді

Алматыда куәгер видеотіркеу құрылғысына полицейлер мінген автомобильдің жол апатына ұшыраған сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 13 наурызда таңғы уақытта Фурманов көшесі мен әл-Фараби даңғылының бойында болған. Видеоның кадрларында полицейлер мінген көліктің Фурманов көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, жолды кесуге болмайтын жерден кері бұрылғанын көруге болады. Көліктің дабылы болмаған. Фурманов көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан жол талғамайтын ақ көлік тежегішті басып үлгермей, полицейлер мінген көлікті соққан. 

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама