Алматыда қараусыз қалған балалар ток ұрып қайтыс болды

Алматыда қараусыз қалған балалар ток ұрып қайтыс болды © 1tv.kz

Алматы облысында екі бала жантүршігерлік жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Алматы облысында екі бала жантүршігерлік жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ата-ананың қарауынсыз қалған жеткіншектер токқа түскен. Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Еңбекшіарал ауылында болды.

Жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген 11 және 8 жастағы екі бала су тартатын құбырдағы электр сымын байқамай ұстап алған. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, электр су сорғыштың сымы ашық қалған.

Реклама
Реклама

Алғашында балалардың кішісі оны ұстап алып, ток ұрған. Үлкені оны құтқарамын деп электр күшінен соққы алған. Салдарынан екеуі де оқиға орнында қайтыс болды, дейді төтеншеліктер. Қазір оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама