Алматыда қураған үлкен ағаш 4 көлікті басып қалды

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадр

Алматыда көпжылдық ескі ағаш төрт автокөлікке құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда көпжылдық ескі ағаш төрт автокөлікке құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 қыркүйекте Көк базар маңында болды. Оқиға орнынан кадрлар @kris_p_brothers_official Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды. Видеода үлкен қара ағаштың астында мыжылып тұрған көліктерді көруге болады. 

Реклама
Реклама

"Зенков көшесінде Мақатаев пен Жібек жолы көшелерінің арасында ағаш құлап кетті. 4 автокөлік зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Шақыру орнына полиция қызметкерлері, Медеу аудандық ТЖ (акт жасалды), Алматы қаласының құтқару қызметі келді. Құтқарушылар ағашты кесіп тастады, ол қала әкімдігі ұсынған техниканың көмегімен шығарылды", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Зақымданған автокөлік иелері қазір сақтандыру комиссарларын күтіп отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама