Алматыда қылмыстық әлемнің серкесі басқарған бұрынғы полицейлер кірген топ ұсталды

Алматыда қылмыстық әлемнің серкесі басқарған бұрынғы полицейлер кірген топ ұсталды © Tengrinews.kz

Алматыда Ішкі істер министрлігі айма?та?ы ?ылмысты? ?лем серкесі бас?ар?ан ?йымдас?ан ?ылмысты? топты ??ры?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда Ішкі істер министрлігі аймақтағы қылмыстық әлем серкесі басқарған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев Facebook желісіндегі парақшасына 20 адамнан құралған қылмыстық топқа нотариус, полицияның бұрынғы қызметкерлері мен өзге де тұлғалар кіргенін жазған. 

Оның айтуынша, қылмыстық топ қарияларды өлтіріп, олардың пәтерлерін заңсыз иемденген және сатқан. 

Реклама
Реклама

"Тергеу пәтерді иемдену мен сату бойынша 4 деректі анықтады. Олардың иелері із-түссіз жоғалғандар қатарында. Бұл топ жалпы 45 қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, қамауда отыр", - дейді Алмас Сәдубаев. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама