Алматыда қыз алып қашқан сәттің видеосы пайда болды

Алматыда қыз алып қашқан сәттің видеосы пайда болды Видеодан үзінді

Алматыны? орталы? к?шілеріні? бірінде бол?ан ?ыз алып ?ашу о?и?асын ку?герлер видео?а т?сіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының орталық көшілерінің бірінде болған қыз алып қашу оқиғасын куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторының сөзінше, оқиға 24 ақпанада Шаляпин және Береговой көшелерінің қиылысында болды. Видеода бірнеше жігіттің қыз баланы Toyota Camry көлігіне күшпен отырғызып жатқаны көрінеді. Біраз уақытта жігіттер қызды отырғызып алып, көлік есіктерін жаппай жатып, белгісіз бағытқа жүріп кетеді. Бір көңіл аударалық жайт өтіп бара жатқан көліктер не болып жатқанын білуге де тоқтамады. Ал оқиға орнында бірнеше адам жанжалдасып жатты. Олар қыздың жақындары болса керек. 

Реклама
Реклама

Қыздың туысы оның бір жігітпен тоғыз жыл кездесіп жүргенің айтады. Осы кезде қызға өзге жігітің ата-анасы құда түсіп келген екен. Мұны естіген жігіт қызды аңдып жүріп, алып қашып кеткен.

Қалалық ІІД өкілдері оқиға болған сәтте қыздың ата-анасы полицияға хабарласқанын айтады. "102 пультіне хабарлама түсе асалысымен жеке құрам жасақталады. Көлік туралы мәліметтер белгілі болғандықтан, иесінің мекенжайы анықталады. Соңында қыздың туыстары арыздарынан бас тартты, ал қыз үйіне оралды. Мәселе қызды ұрланғаннан кейін бір-бір жарым сағат көлемінде шешілді", - дейді Алматы ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама