ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 маусым 2016 14:01
Алматыда салоннан жаңа шыққан Hyundai жол апатына ұшырады
Алматыда жол апатының салдарынан Hyundai көлігі аударылып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.
Оқиға "Шаңырақ-2" ықшамауданында болды. Audi жүргізушісі Жаңажол көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Жанқожа батыр көшесіндегі бағдаршамда Hyundai солға қарай оңтүстікке бұрылмақшы болғанда, Hyundai жүргізушісі Audi көлігін өткізбей, нәтижесінде Hyundai көлігімен соқтығысып, соққыдан екінші көлік аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Hyundai жүргізушісі зардап шекті. Айта кетейік, көлік жаңа, салоннан бүгін шыққан болатын.
© "Территория происшествий"
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу