Алматыда Статистика департаментінің ғимараты өртенді

Алматыда Статистика департаментінің ғимараты өртенді ©"СТВ"

Алматыда Алматы облысы статистика департаментінің ғимараты өртенді деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшілері. 

Өрт Марков көшесіндегі ғимараттың бесінші қабатынан шықты. Әкімшілік ғимаратта Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы да орналасқан. Өрт кезінде 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Статистика департаментінің екі кабинеті өртенген. 

Төтенше оқиғаны залалсыздандыруға өртке қарсы қызметтің жеке құрамынан 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен адамдар жоқ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 15 шаршы метр ауданды шарпыған. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама