ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 тамыз 2015 11:24
Алматыда су таситын машинаның қатысуымен болған жол апатында бір адам қаза тапты
Алматыда су таситын машинаның қатысуымен болған жол апатында бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол апаты 13 тамызда шамамен 10.40-та Каменкада болды. Су таситын машина Грозы көшесімен келе жатып, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай қалып, BMW маркалы автомобильмен соғысты. Бұдан кейін жүк көлігі бағанаға соғылып, жаяу жүргіншілердің жолындағы адамдарды қақты. Салдарынан көлік бір адамды басып кетті. Зардап шеккендер жайлы мәлімет анықталып жатыр.
Оқиға болған орын қоршауға алынды. Полиция жұмыс істеп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу