Алматыда Subaru мен KIA көліктері соқтығысты

Алматыда жүргізуші жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, тағы бір көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Алматыда жүргізуші жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, тағы бір көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Түнде болған жол апатының куәгерлері бар. Олардың айтуынша, Subaru көлігі Біржан көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, Науаи мен Мұстафин көшелерінің арасында жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, KIA автомобилін соққан. Бетпе-бет соқтығысу салдарынан KIA көлігінде отырған бір адам зардап шекті. Оны әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізді. 

Кейінірек Subaru жүргізушісінің ұйықтап кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайын қалалық полицейлер анықтайтын болады. 

Реклама
Реклама


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама