Алматыда Subaru мінген әйел жүргізуші бес адамды қағып кетті

Алматыда Subaru Tribeca мінген ?йел к?ше ?иылыcында бес адамды ?а?ып кетіп, жол жиегінде т?р?ан Honda CR-V к?лігіне со?ылды, - деп хабарлайды patrul.kz.

Алматыда Subaru Tribeca мінген әйел көше қиылыcында бес адамды қағып кетіп, жол жиегінде тұрған Honda CR-V көлігіне соғылды, - деп хабарлайды patrul.kz.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысында болған. Бағдаршамның сары шамы жанғалы тұрған кезде Subaru солға бұрылмақ болады. Осы кезде ол жолды өтіп бара жатқан бес адамды қағып кеткен. 

Реклама
Реклама

Осыдан кейін ол жол шетіне қарай шықпақ болып, жол жиегінде тұрған Honda CR-V көлігіне соғылған.

Зардап шеккен бес адамның екеуі - балалар. Оларды түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға алып кетті. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама