Алматыда сырғыма жүріп, автожол ішінара опырылды

Алматыда сырғыма жүріп, автожол ішінара опырылды © Vk.com

Алматыда сырғыма болып, салдарынан тау жолы ішінара опырылып құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

"Медеу ауданындағы Алматы-Сұлусай" автожолында жаңбыр кезінде сырғыма болып, жолдар опырылып құлады. Опырылып құлаған топырақтың жалпы көлемі - 60 текше метр. Қираған жолдың ұзындығы - 30 метр", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Алматы ТЖД кезекші бөлімінің мәліметінше, қазіргі кезде Сұлусай ауылына апаратын жол жабық. Оқиға болған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


© Vk.com

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама