Алматыда тауға кеткен жігіт өлі табылды

Алматыда тауға кеткен жігіт өлі табылды © pixabay.com

Алматыда осы жексенбіде тауларда Н?рс?лтан ?білбаев есімді жігіт ?аза болды. Б?л туралы Н?рс?лтан ?білбаевті? таныстары Facebook желісінде жазды. Осы деректі Алматы ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда осы жексенбіде тауларда Нұрсұлтан Әбілбаев есімді жігіт қаза болды. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбілбаевтің таныстары Facebook желісінде жазды. Осы деректі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіттің танысы Қайрат Шалтақбаевтың айтуынша, үш жігіт тауда адасып кетіп, құзға құлап кеткен. Нұрсұлтан ауа температурасының төмен болуынан көз жұмған. Ал досы үсіп қалып, ауруханаға жеткізілген. Үшінші жігіт жайлы әлі ештеңе айтылмады.

"Адам өлімі дерегі Медеу аудандық ІІБ тіркелді. Криминалдық белгілер жоқ", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Қайрат Шалтақбаевтың жазбасында Нұрсұлтанның мейірімді және көңілді жігіт болғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама