Алматыда тежегіші істен шыққан автобус ағашқа соғылды

©СТВ

Алматыда тежегіші істен шыққан автобус көшедегі жаяулар жолын бөліп тұрған қоршауды бұзып өтіп, ағашқа соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға бүгін, 25 сәуірде сағат 11.00 шамасында Абай даңғылының Әуезов көшесіне жақын тұсында болды. №118 автобустың жүргізушісі жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін тежегіші істен шыққан көлігін аллеяға қарай бұрып жіберген, соның салдарынан ағашқа соғылды.

Көлік жаяулар жолына шығып кеткенімен, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушінің айтуынша, ол тежегішінің істен шыққанын бағдаршамға аялдар кезде байқаған. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама