Алматыда тиелген КамАЗ-дың тежеуіші істен шығып, жүргізуші мерт болды

© "Территория происшествий"

Алматыда құм тиелген КамАЗ жүргізушіні қысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Яблочная көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, құм тиелген КамАЗды басқа жүк көлігінің көмегімен сүйреп апармақ болған. Нәтижесінде КамАЗ-дың тіркеуі бұзылып, тежеуіші істен шығып батыс бағытта жүріп кеткен.


© "Территория происшествий"

Реклама
Реклама

Содан КамАЗ жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, бар жылдамдықпен үйдің қақпасына барып соғылып, аударылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, соққыға дейін 27 жастағы жүргізуші КамАЗ-дан секіріп кеткен. Алайда жүк көлігінің кабинасы оны қысып қалып, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға орнына құтқару қызметі келіп, жүк көлігін көтеріп, ер адамның денесін алып шықты.


Куәгер жолдаған суреттер

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама