Алматыда толассыз жауынның салдарынан "Алатау" метро станциясын су басты

Дамир Қадыров © Facebook

Алматыда толассыз жауынның салдарынан Жароков көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Алатау" метро станциясын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Метро станциясының суреті Facebook желісінде жарияланды.

"Метрополитен" директорының көмекшісі Ажар Хабиеваның айтуынша, су метро станциясына Жароков көшесі жақтан келе бастаған. "Арық жүйесі бойынша су станцияға кіреберіс жердегі жер астындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолға құйылған. Су вестибюльге дейін жетпеді. Бұл оқиға 16 маусымда шамамен сағат 20.30-да болған. Ал сағат шамамен 00.00-де апаттық-құтқару қызметі келіп, судың тасуын тоқтатты. Қозғалыстың қауіпсіздігіне еш әсерін тигізген жоқ. Қазір станция қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама