Алматыда түркиялық заттарды тиеген жүк көлігі өртенді

видеодан үзінді

Алматыда "Mart" ойын-сауы? орталы?ыны? жанында ж?к к?лігі ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда "Mart" ойын-сауық орталығының жанында жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Mercedes-Benz жүк көлігі Сейфуллин даңғылының бойымен келе жатып, сауда орталығының тұрағына кіру үшін Шолохов көшесіне бұрылған. Осы кезде көлік өртене бастады. Болжаммен жүк көлігі троллейбус тоқтарына тиіп кеткен болуы мүмкін. Куәгердің айтуынша, троллейбус тоқтары ұшқындап, артынша өрт шыққан. 

Реклама
Реклама

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктің шанағы толығымен өртеніп кеткен. Жүк көлігі түркиялық заттар алып келе жатқан.

Еске салайық, Алматыда автобус апатынан алты адам зардап шекті. Апатқа жеңіл көлік себеп болған делінеді.

Сөйтсек, екі автобус Тобаяқов көшесімен қарама-қарсы келе жатқан. Кенет шығыс бағытта келе жатқан қоғамдық көліктің алдынан Renault көлігі атып шыққан. Автобус жүргізушісі соғыспау үшін тізгінді солға қарай бұрған, осы кезде қарсы бағытта келе жатқан автобусты соққан, ол өз кезегінде басқа Honda көлігіне соғылған да ағашты құлатқан. Тұрақта тұрған тағы үш көлікті қиратып, ғимаратқа кіріп кеткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама