Алматыда үйінді астында қалып, қаза тапқан үш адамның өліміне қатысты тергеу басталды

Алматыда үйінді астында қалып, қаза тапқан үш адамның өліміне қатысты тергеу басталды © Алматы ТЖД

Алматы полицейлері үйінді астында қалып қайтыс болған үш адамның өліміне қатысты қайғылы оқиғаны тергеуге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

"Бұл деректі Әуезов аудандық ІІБ тергеу тобы тіркеді. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. Осыдан кейін процессуалдық шешім қабылданады. Дерек оқыс оқиға ретінде тіркелді", - деді Әзірбек. Оның айтуынша, егер оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталса, сотқа дейінгі тергеудің кез келген кезеңінде іс қайта квалификацияланады.

Еске сала кетейік, 24 қарашада сағат 16.43-те "112" пультіне Әуезов ауданындағы Сәдуақасов көшесінің бойында №2 үйдің маңында адамдардың топырақ үйіндісінің астында қалып қойғаны жайлы хабар жетті. Үйіндінің астынан үш мәйіт табылды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама