Алматыда ҰҚК нөмірін таққан көлік жол ережесін бірнеше рет бұзған

Видеодан кадр

"Азаматты? патруль" белсенділері Алматыда ??К жал?ан н?мірі та?ыл?ан SsangYong к?лігін т?сіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Азаматтық патруль" белсенділері Алматыда ҰҚК жалған нөмірі тағылған SsangYong көлігін түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

12 желтоқсанда түсірілген видеода көлік Әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай жүріп бара жатады. Жүргізуші бұрылу белгі шамын қоспай, оңға да, солға да сан рет ауысқан, оның үстіне басуға болмайтын жолақтарды мүлде елемеген.

Реклама
Реклама

Белсенділер бұл видеоны Алматының ІІД-не жолдаған. Полиция видео мазмұнымен танысқаннан кейін, SsangYong жүргізушісіне қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған. 

Сонымен қатар, полицейлер көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жалған екенін анықтаған. Айта кетейік, жол ережесін мүлде елемеген SsangYong көлігі kz160NS02 нөмірін таққан болатын. NS әріптері National Security дегенді білдіріп, ҚР ҰҚК-не тиесілі болып келеді. 

"Осы дерек бойынша "Көрінеу жалған немесе жасанды мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері тағылған көлік құралын басқару" бойынша қосымша әкімшілік материал жиналды", - деп хабарлайды Алматының ІІД өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама