Алматыда ұрланған Mercedes жол апатына ұшырады

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда ?рлан?ан Mercedes-Benz Hyundai Santa Fe к?лігін со?ты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда ұрланған Mercedes-Benz Hyundai Santa Fe көлігін соқты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Неміс көлігі Бостандық ауданынан ұрланғаны белгілі болды. Жүргізуші Науаи көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Торайғыров көшесімен қиылысқан тұста автомобильді жүргізген адам бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, артынша Hyundai Santa Fe көлігін соққан. 

Кроссовер соққы салдарынан жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жол шетіне шығып қалған. Mercedes бірнеше рет аударылған. 

Реклама
Реклама

"Hyundai Santa Fe жүргізушісі зардап шекті, алайда айтарлықтай ауыр емес. Оқиға орнында қарап шыққаннан кейін ол ауруханаға барудан бас тартты", - деді "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Тілші мәліметінше, ұры өз кінәсін мойындады. Ол Бостандық АІІ-ге жеткізілді. Ер адам алкогольдік ішімдік ішкен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама