Алматыда Volkswagen жүргізушісі екі әйелді қағып кетті

Алматыда Volkswagen жүргізушісі екі әйелді қағып кетті Сурет "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолда Volkswagen маркалы автокөлік жүргізушісі екі әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Гагарин даңғылының бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Гагарин даңғылымен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған жолда әйел адамдарды көрмей, бар жылдамдығымен оларды қағып кеткен. 

Олардың бірі, 1973 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Жарнама
Жарнама


Фото программы "Территория происшествий"

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама