Алматыда жаяу адамды қаққан "Нива" жүргізушісі зардап шегушіге көмектесемін деп өзі қаза тапты

Алматы ?алалы? ІІД ?кілдері ?апша?ай жа?та?ы к?пірде бол?ан жол-к?лік о?и?асыны? м?н-жайын айтып берді, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қалалық ІІД өкілдері Қапшағай жақтағы көпірде болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІД мәліметінше, "Нива" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бірақ жүргізуші зардап шеккен адамға көмектеспекші болғанда оны басқа көлік қағып өлтіреді.

Реклама
Реклама

"Нива" жүргізушісі Қапшағай жақта оңтүстік бағытпен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетеді. 1989 жылғы жүргізуші зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету үшін көліктен шыққан сәтте оны Land Rover көлігі қағып кетеді. Өкінішке орай, "Нива" жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша cотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жұмыс тобы оқиға орнында. Land Rover жүргізушісі де оқиға орнына барды", - деп нақтылады полициядағылар.


Куәгерлер жолдаған суреттер

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама