ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 наурыз 2018 19:04
Алматыда жаяу жүргінші жолынан велосипед теуіп өтпек болған қызды КамАЗ басып кетті
Алматыда жаяу жүргінші жолынан велосипед теуіп өтпек болған қызды қоқыс таситын КамАЗ басып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға бүгін, 28 наурызда кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, Лавреньев көшесімен келе жатқан жүк көлігі бұрылып жатып, кішкентай қызды байқамай қалған.
Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Кейбір мәліметтер бойынша дәрігерлер оның аяғын ампутациялаған.
Суреттер "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу