Алматыда жалған полицейлер жезөкшелерді тонап келген

иллюстрациялық сурет: inosmi.ru

Алматыда жал?ан полицейлер жез?кшелерді тонап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жалған полицейлер жезөкшелерді тонап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының Алмалы аудандық соты Р. және Б. есімді азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары ("Тонау") бойынша қылмыстық істі қарады. 

Іс материалдарына қарағанда, 2016 жылы 22 қаңтарда сотталушы Р. және Б. жеңіл жүрісті интим қызмет көрсететін қыздарға хабарлама бойынша қоңырау шалып, кездесуге шақырған. Сол күні құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырған екеу "заңсыз әрекеттің жолын кесу мақсатында шара қолданамыз" деп ұялы телефондары мен 115 000 теңгені алып кеткен. Бірнеше рет осындай іске барған Р. мен Б. жалпы 337 000 теңгені қолды қылған. 

Реклама
Реклама

Сот үкімімен Р. мен Б. айыпты деп танылып ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары ("Тонау") бойынша 7 жыл 7 ай және 4 жыл 1 айға бас бостандығынан айрырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама