Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: 15 адам зардап шекті

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: 15 адам зардап шекті © "Территория происшествий"

Алматыда ?о?амды? к?лік пен Mercedes-Benz G-класс со?ысып, 15 адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда қоғамдық көлік пен Mercedes-Benz G-класс соғысып, 15 адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болған. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған.


© Instagram/kris_p_almaty

Жарнама
Жарнама

Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама