Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда ?о?амды? к?лікті? ?атысуымен жол-к?лік о?и?асы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Nexia көлігі Розыбакиев көшесіне жетпей Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта кетіп бара жатып, бұзылып қалған. Nexia жүргізушісі өзінің танысын шақырып, бұзылған көлігін жол бойынан алып тастауды сұраған. Mitsubishi Galant маркалы көлікпен келген танысы бұзылған автомобильге сым арқан байлап жолдан алып тастамақ болған уақытта, №72 бағытында жүретін қоғамдық көлік бар жылдамдығымен келіп жол бойында бұзылып тұрған көлікті соққан. Соққы әсерінен Nexia жеңіл көлігі Mitsubishi Galant көлігіне соғысқан. Екі көліктің ортасында тұрып, сым арқан байлап жатқан адамның екі аяғы бірдей сынған. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтап жатыр.


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама