Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: Nissan Skyline екіге бөлініп қалған

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: Nissan Skyline екіге бөлініп қалған

Алматыдағы Абылай хан даңғылында болған жол апатында автокөлік екіге бөлініп қалды. Жүргізуші жедел жәрдем келгенше қайтыс болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Skyline даңғылмен солтүстікке қарай аса жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатып, белгісіз себептермен жүргізуші рульге ие бола алмай қалған.

Көлік жолдың қарсы бағытына шығып, Daewoo Nexia автокөлігіне соғылды, ол Абылай ханмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатыпты. Соққының салдарынан Nissan екіге бөлініп қалды.

Реклама
Реклама

Көліктің артқы жақ бөлігі ағашқа қарай ұшып, алдыңғы бөлігі тұрақтағы Ford автокөлігіне соғылды.

Оқиға салдарынан Daewoo Nexia жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Nissan автокөлігінің 1993 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем келгенше сол жерде қайтыс болды.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

© "Территория происшествий"

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама