Алматыда жантүршігерлік жол апатынан мектеп оқушысы қаза тапты

Алматыда жант?ршігерлік жол апатынан мектеп о?ушысы ?аза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан мектеп оқушысы қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Honda Accord жүргізушісі 25 ақпанда кешкі уақытта Розыбакиев-Кихтенко көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында бір баланы қағып кеткен. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, 10 жастағы бала алған соққыдан оқиға орнында қаза тапқан. Олар бастапқыда баланы Honda маркалы көліктің қаққанын, соққыдан баланың жол жиегіне ұшып кеткенін айтады. Осыдан кейін құлаған баланы SsangYong маркалы көлік тағы басып кеткен.

Honda жүргізушісі оқиға орнында қалса, екінші көліктің жүргізушісі қашып кеткен. Оны полицейлер іздестіріп жатыр.

Қаза болған баланың туыстары оның шешесіз өскенін айтып берді. Шешесі 10 жыл бұрын қайтыс болған екен. 

"Ол өте дарынды әрі талапты бала еді, мектепте өтетін жарыстарға көп қатысатын, бүгін де ол бір конкурсқа қатысуы керек еді. Ол әрдайым рұқсат етілген жерден ғана жолдан өтетінін, мен оған бағдаршам бар қиылыстарда ғана өту керек дейтінмін", - деп пікір білдірді оқушының туыстары  "Дорожный патруль" порталына.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама