Алматыда жатақханадан өрт шықты: 230 адам эвакуацияланды

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда жата?ханаларды? бірінде ?рт шы?ып, 230 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ТЖД ресми ?кілі Санду?аш Байм?хамбетова?а сілтеме жасап.

Алматыда жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Сағат 23.16-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі"101" пультіне Бостандық ауданы, Габдуллин көшесі, 2-үйде өрт шыққаны жайлы хабар келген. "Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң барды, сағат 23.22-де. Төртінші жатақхананың 3-қабатындағы бөлмелердің бірі өртеніп жатқаны анықталды. 230 адам эвакуацияланды", - деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрттің аумағы - 18 шаршы метр. Өрт өрт бөлімшесі келгенге дейін ауыздықталды. Өртті сөндіру мақсатында жатақхана қызметкерлері өрт сөндіру крандарын қолданды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама