ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 наурыз 2018 09:18
Алматыда жатақханадан өрт шықты: 230 адам эвакуацияланды
Алматыда жата?ханаларды? бірінде ?рт шы?ып, 230 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ТЖД ресми ?кілі Санду?аш Байм?хамбетова?а сілтеме жасап.
Алматыда жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Сағат 23.16-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі"101" пультіне Бостандық ауданы, Габдуллин көшесі, 2-үйде өрт шыққаны жайлы хабар келген. "Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң барды, сағат 23.22-де. Төртінші жатақхананың 3-қабатындағы бөлмелердің бірі өртеніп жатқаны анықталды. 230 адам эвакуацияланды", - деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрттің аумағы - 18 шаршы метр. Өрт өрт бөлімшесі келгенге дейін ауыздықталды. Өртті сөндіру мақсатында жатақхана қызметкерлері өрт сөндіру крандарын қолданды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу