Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты: Үш әйел қаза тапты

© "Территория происшествий"

Алматыда Боралдай тасжолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан үш жолаушы әйел қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Алматыда Боралдай тасжолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан үш жолаушы әйел қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, жол апаты Водник ауылының маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Renault жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Трудовик ауылына жақындағанда қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан № 15 бағыттағы автобуспен соқтығысып, автобус өзен жаққа қарай ұшып кете жаздаған.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш әйел (1960, 1978 және 1988 жылғы) жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында қаза тапқан. Renault көлігінің тағы бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама