Алматыда жоғалып кеткен заңгер осымен екінші тәулік Сайран көлінен іздестіріліп жатыр

© КТК

Алматыда?ы Сайран к?лінде осымен екінші т?улік 30 жаста?ы за?гер іздестіріліп жатыр. Туыстарыны? айтуынша, Н?рлан Т?рлы?ожа достарымен бірге Сайран жа?та кездескеннен кейін із-т?ссіз кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматыдағы Сайран көлінде осымен екінші тәулік 30 жастағы заңгер іздестіріліп жатыр. Туыстарының айтуынша, Нұрлан Тұрлықожа достарымен бірге Сайран жақта кездескеннен кейін із-түссіз кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, қазіргі уақытта сүңгуірлер көлді тексеріп жатыр. Жоғалып кеткен жігіттің туыстары да сол маңда жүр. Олармен дәрігерлер және психологтар жұмыс істеп жатыр. Туыстарының айтуынша, достары байланысқа шығудан бас тартып жатыр.

"Ол Сайранға достарымен көрісу үшін келді. Телефоны әлі сөндірулі. Білмейміз, достарына айтсақ, достары Данияр дейді. Сонымен кездесемін деп кеткен ғой осы жерге", - дейді жоғалып кеткен жігіттің анасы Биғайша Маралбаева

Реклама
Реклама

Телеарнаның мәліметінше, енді полиция оқиғаның мән-жайын анықтайды. Айта кетейік, жігіт жоғалып кеткен көлдегі судың тереңдігі 12 метрге дейін барады. (Дереккөз: КТК )

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама