Алматыда жол апаты: Lexus көлігінен екі адам әзер дегенде шығарылды

Сурет СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда Lexus авток?лігі жанармай бекетіні? аума?ында а?аш?а ж?не бетонды ?абыр?а со?ты?ысты, - деп хабарлайды СТВ арнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда Lexus автокөлігі жанармай бекетінің аумағында ағашқа және бетонды қабырға соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Абай - Байзақов көшелерінің қиылысындағы жанармай бекетінің маңында болды. Куәгерлердің айтуынша, Lexus автокөлігі батыс бағытта кетіп бара жатқан. Жүргізуші басқаруды игере алмай, ағашқа, жарнама билбордына және бетонды бағана мен тағы бір ағашқа соқтығысқан. 

Реклама
Реклама

"Территория происшествий" бағдарламасының тілішісі жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушының зардап шеккенін айтады. Олар аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оларды жедел жәрдем мамандарына тапсыру үшін құтқару қызметінің көмегі қажет болды. 

Оқиғаның мән жайын Алматы полициясы анықтайтын болады. 

Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама