ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қазан 2017 11:21
Алматыда жол апатынан аударылып қалған көліктің видеосы пайда болды
Желіде жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota маркалы автокөліктің жол ортасындағы қоршауды бұзып, аударылған сәтінің видеосы пайда болды. Осы оқиғаны көрген азаматтар аударылған көліктің жүргізушісіне көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты таяуда Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында болды. Видеода жол апаты болғаннан кейінгі алғашқы минуттар түсірілген. Онға жуық ер адам көліктен жүргізуші мен жолаушыларды шығарып алу үшін жүгірген. Оқиға орнына полиция келіп жеткен.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу