Алматыда жол апатынан екі адам зардап шекті

Камила Долаева Журналист
Алматыда жол апатынан екі адам зардап шекті ©СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Өтеген батыр көшесінде екі жеңіл автокөліктің соғысу салдарынан екі жүргізуші де зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Өтеген батыр көшесінің бойында Райымбек даңғылы мен Төле би көшесінің аралығында болды. Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Delica маркалы автокөлігі солтүстік бағытта Өтеген батыр көшесі бойында келе жатқан. Райымбек даңғылына жетпей Mitsubishi жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатқан Subaru Tribeca маркалы көлігіне жол бермей бұрыла бастаған. Subaru автокөлігінің жүргізушісі бұрылып үлгере алмай Delica-ға соғылған. ЖКО-да екі адам зардап шекті. Олардың екеуі де жүргізуші.

Жарнама
Жарнама

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама