Алматыда жол апатынан мотоциклші қаза тапты

Алматыда жол апатынан мотоциклші қаза тапты © "Территория происшествий"

Алматыда жол апаты салдарынан мотоциклші ?аза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда жол апаты салдарынан мотоциклші қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, ақ түсті Toyota RAV 4 көлігі Емцов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Toyota жүргізушісі Райымбек даңғылына солға қарай бұрылмақшы болған. Сол сәтте мотоциклші даңғылдың бойымен шығыс бағытта келе жатып, бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кетпекші болған. Нәтижесінде екеуі соғысып қалып, 1989 жылғы мотоциклші жолдың шетіне ұшып кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.

Жарнама
Жарнама


©  "Территория происшествий" 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама